«Үшарал-Достық» тасжолында қар құрсауында қалғандар құтқарылды
<p style="text-align: justify;">Алакөл ауданындағы «Үшарал-Достық» автожолында ауа райының қолайсыздығына байланысты қар құрсауында қалған 9 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
«Бүгін таңғы сағат 9.00-де «Ырғайты» учаскесінен 3 автокөліктің салонынан 9 адам құтқарылып, Достық станциясына жеткізілді. Құтқарылғандардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады», делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, 22 қаңтар күні сағат 18.00-де ауа райының нашарлауына байланысты жол қызметтерімен «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолында барлық автокөлік түрлері үшін қозғалысты жабу туралы шешім қабылданды.
Қар құрсауына түскен автокөліктер жол жабылғанға дейін осы автожолға шығып кеткені анықталды.