Спорт
1 мин оқу 190

Рыбакинаның рейтингі жоғарылады

<p style="text-align: justify;">Әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швен&shy;&shy;&shy;текті ұтып, Аустралия ашық бірін&shy;ші&shy;лігінің ширек финалына шық&shy;қан Елена Рыбакина WTA рейтин&shy;гін&shy;дегі жағдайын біршама жақсартты.</p>

Рыбакинаның рейтингі жоғарылады

Осыған дейін үздіктер тізімінде 25-орында тұрған жерлесіміз жоғарыдағы табысынан кейін бірден тоғыз сатыға жоғарылады. Қазіргі кезде Елена 16-орынды иеленді. Жалпы, ол әр жылдары ТОП-10 теннисшінің қатарына енетін 10 ойыншыны жеңген екен. Алайда әлемнің бірінші ракеткасы деген атағы бар спортшыны алғаш рет ұтып отыр. Егер алдағы уақытта да жеңісті жолы жал­ғасатын болса, онда Рыбакинаның бүгінгі­ден де жақсы нәтижеге қол жеткізетіні сөзсіз.

Ал WTA мен ATP рейтингінде өзге үздік ойыншыларымыз мынадай сатыларға жай­ғасты: Александр Бублик – 36, Юлия Путин­цева – 44, Тимофей Скатов – 153, Михаил Кукушкин – 221, Бейбіт Жұқаев – 302.

Бөлісу:
Рыбакинаның рейтингі жоғарылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар