Сайлау
1 мин оқу 210

Сенім сынағы

<p style="text-align: justify;">Биліктің ең басты ресурсы &ndash; халық сенімі. Қоғам билікті неғұрлым белсенді қолдаса, мемлекет соғұрлым нығая түседі. Мәжіліс сайлауының мерзімінен бұрын өткізілуі саяси партиялар үшін де, тәуелсіз кандидаттар үшін де, сайлаушылар үшін де нағыз сынақ болмақ.</p>

Сенім сынағы

Сайлау – қоғамда алаңдаушы­лық та­ны­­тып отырған мәселелерді көтеруге мүмкіндік береді. Сайлау­шы­лар­дың қолдауына сенім артып отыр­ған кандидаттар барлық тарап­тың пікірі мен мүддесін ескеріп, халық­­тың әл-ауқатын жақсартудың жол­дарын іздеуі керек. Жоғары оқу орын­­дарының ғалымдары мен оқыту­шы­ларында «академиялық еркінд­ік» деген түсінік бар. Ол бар­лық сту­дент­­терге қарастырылатын тақы­рып бо­­йынша сұрақ қоюға, пікір­талас жүр­­гізуге және сол тақы­рып бо­йын­ша өз көз­қарастарын жеткізу­ге мүм­кін­­дік береді. Әрине, мұн­дай диа­лог кей­д­е орынсыз немесе жағым­сыз да бол­уы мүмкін. Дегенмен де әр­түрлі идеяларды талқылау мүм­кін­­дігі ғылымның ақиқатын ашуға көмектеседі.

Алдағы сайлауда халықтың сені­міне ие болған азаматтар билікке келіп, Қазақстан бұдан да күшті әрі тұрақты, заң мен әділеттілікті қатаң сақтайтын мемлекет болатыны­на сенім мол. Кез келген ел­дің алға қарай дамуы мен экономи­к­алық нығаюы осындай фактор­ларға тіке­лей байланысты, демек біздің әр­қай­­сы­сымыздың әл-ауқатымыз­дың жақсы болуы да осыған келіп тіреледі.

Мейрам БЕГЕНТАЕВ,

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры 

Бөлісу:
Сенім сынағы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар