Ақтөбе облысында тұрғын үйде газ жарылып, төрт адам зардап шекті
<p style="text-align: justify;">Алғын ауданындағы жеке үйде табиғи газ жарылып, 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚР Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Оқиға Маржанбұлақ ауылында болған.
«Биылғы жылдың 23 қаңтарында сағат 17:40-та «112» пультіне Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Маржанбұлақ ауылында, Шәмші Қалдаяқов көшесінің бойында жеке тұрғын үйде газ жарылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 2 техникасы мен 4 қызметкері шықты. Жарылыс салдарынан төрт адам зардап шекті, олар облыстық көпсалалы аурухананың травматология бөліміне жеткізілді. Қаза тапқандар жоқ», деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінен.
Зардап шеккендер 9-дан 19 пайызға дейін әртүрлі дәрежеде күйік алған. Қазіргі таңда олардың жағдайы тұрақты деп бағаланды.