Қоғам
1 мин оқу 974

Белгілі композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті

<p style="text-align: justify;">24 қаңтар күні Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, продюсер әрі тележүргізуші Арман Дүйсенов өмірден өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Композитордың мезгілсіз қазасы туралы оның әріптестері, әншілер мен әртістер әлеуметтік желіде жазып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, сазгердің жүрегі тоқтап қалған.

Арман Дүйсенов әлемдік классикалық музыка, фольклорлық этнография, эстрадалық музыка сияқты бірнеше бағытта кәсіби музыкалық білім алған Қазақстанның заманауи композиторларының бірі болды.

Айта кетейік, Арман Дүйсенов 1974 жылы Батыс Қазақстан облысында туған.

Бөлісу:
Белгілі композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар