Әлем
1 мин оқу 320

Калифорниядағы екі атыс салдарынан жеті адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Дүйсенбі күні Калифорнияның солтүстігінде екі атыс болып, жеті адам көз жұмды. Тағы бір адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жергілікті БАҚ хабарлағандай, оқиға Сан-Францискодан оңтүстікке қарай 30 мильдей қашықтықта орналасқан Халф Мун Бей жағалауында болған. Атыс себебі әлі белгісіз.

Бұған дейін шериф кеңсесі Twitter-де 67 жастағы күдіктінің ұсталғанын хабарлаған еді.

Бұдан екі күн бұрын Монтерей саябағында да жаппай атыс болып, 11 адам көз жұмды.

Бөлісу:
Калифорниядағы екі атыс салдарынан жеті адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар