Президент Саха Республикасының басшысын қабылдады
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Саха Республикасының (Якутия) басшысы Айсен Николаевты қабылдады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Мемлекет басшысы белсенді өңіраралық ынтымақтастық өзара сауда көрсеткіштеріне оң ықпал еткенін айтты. Президенттің пікірінше, өңіраралық сауда көлемі айтарлықтай артты. Қазақстан сауда қатынастарын одан әрі тереңдетуге мүдделі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Саха Республикасын тамыры терең тарихи және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастар байланыстыратын атап өтіп, ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударатынын айтты.
Кездесуде Айсен Николаев Саха елі Қазақстан компанияларымен өнеркәсіп өнімдері, минералды ресурстар және зергерлік бұйымдар салаларында сауда-саттық жасауға дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар Якутия цифрлық технология, креативті индустрия мен кинематография бағытында да байланыс жасауға ниетті.