Ауа райы
1 мин оқу 195

Ертең ауа райы қандай болады?

<div class="description" style="text-align: justify;">Синоптиктер 25 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қазақстанның солтүстігінде, шығысында атмосфералық бөліктердің өтуімен қар жауып, бұрқасын соғып, жел күшейеді. Сонымен қатар солтүстікте, батыста, оңтүстікте тұманды ауа райы күтіледі.

Түнде солтүстікте, Жетісу облысының таулы аймақтарында 28 градусқа дейін қатты аяз болады.

 
Бөлісу:
Ертең ауа райы қандай болады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар