Қазақстан
1 мин оқу 220

Қазақстанда Халықаралық валюта қорының миссиясы жұмысын бастады

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Бүгін ҰЭМ-де Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин және Халықаралық валюта қорының бюджеттік мәселелер жөніндегі Департаментінің аға экономисі - миссия басшысы Саже Де Клерктің кездесуі өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.</span></p>

Іс-шараға орталық мемлекеттік органдардың, Ұлттық банктің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, Жоғары аудиторлық палатаның, Экономикалық зерттеулер институтының және ХВҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, ХВҚ миссиясының жұмысын бастады. Техникалық көмек шеңберінде шетелдік сарапшылар бюджет-салық саласының ашықтық деңгейін бағалайтын болады. Атап айтқанда, бюджеттік есептілікті, салық-бюджеттік болжамдарды және бюджетті қалыптастыру, бюджеттік тәуекелдерді талдау мен басқаруды, сондай-ақ табиғи ресурстардан түсетін түсімдерді басқаруды зерделеу жоспарлануда.

Ұлттық экономика вице-министрі А.Әмрин атап өткендей, ХВҚ-ның бағалау қорытындылары бойынша ұсынымдары бюджет-салық саясатын одан әрі жетілдіру шеңберінде, оның ішінде жаңа Бюджет және Салық кодекстерін әзірлеу кезінде пайдаланылатын болады.

Халықаралық валюта қорының миссиясы 6 ақпанға дейін жалғасады. ХВҚ сарапшылары ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен, орталық мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізеді.

Бөлісу:
Қазақстанда Халықаралық валюта қорының миссиясы жұмысын бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар