Таразда сәби саудалау күдігімен екі медицина қызметкері ұсталды
<p style="text-align: justify;">Тараз қаласының прокуратурасы Жамбыл облысы ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, қала аумағында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жаңа туған нәрестелерді сату фактісін анықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Аталған факті бойынша, қалалық прокуратураның хабарламасында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 135-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сәби саудалау күдігімен Тараз қалалық көпсалалы ауруханасының екі медицина қызметкері ұсталды.
«Бұл тұлғалар Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істің тергеуі қалалық прокуратураның бақылауында», деп хабарлады Тараз қаласы прокуратурасының баспасөз қызметінен.