Қазақстан
1 мин оқу 311

Республикалық маңызы бар жолдардың барлығы ашық

<p style="text-align: justify;">25 қаңтардағы ахуалға сәйкес республикалық маңыздағы жол учаскелерінде қозғалысқа енгізілген шектеулер жоқ, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бүгін таңғы сағат төрт шамасында Жамбыл облысының жолшылары автомобиль қозғалтқышы бұзылып «Сарышаған-Мыңарал» учаскесінде қалып қойған Өзбекстанның бес азаматына көмек көрсетті. Шетел азаматтары 1403 байланыс орталығына хабарласып көмекке жүгінген. Оқиға орнына дереу жеткен жолшы мамандар Өзбекстан азаматтарын Приозерск қаласына эвакуациялады.

Сондай-ақ кеше кешкі сағат 20:00 шамасында Шығыс Қазақстан облысының жолшылары арнайы техниканың көмегімен «Алматы-Өскемен» тасжолының 989 шақырымында бұзылып қалған  «Volvo» маркалы жүк көлігін Қалбатау ауылына дейін сүйреп апарған.

Бүгін таңғы сағат 10 шамасында Ақмола өңірінің жолшылары «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 77 шақырымында отыны таусылып, тұрып қалған фураның жүргізушісіне көмек көрсетті.

«25 қаңтардағы ахуалға сәйкес республикалық маңыздағы жол учаскелерінде қозғалысқа енгізілген шектеулер жоқ. Тасжолдар ашық. Мамандар қысқы күтіп-ұстау аясындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр», делінген ҚазАвтоЖол хабарламасында.

Бөлісу:
Республикалық маңызы бар жолдардың барлығы ашық · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар