Түркістанда Түркі әлемі математикалық қоғамының VII конгресі өтеді
<p style="text-align: justify;">Бүгін, 25 қаңтарда Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) Бас хатшысы С.А.Раевтың Түркі әлемі математикалық қоғамының (Turkic World Mathematical Society) президенті Б.Т.Жұмағұловпен кездесуі өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Кездесуде Түркі әлемі математикалық қоғамының VII Конгресін (TWMS 2023) өткізу мәселелері талқыланды, оның мақсаты - ғалымдардың халықаралық байланыстары мен ғылыми ынтымақтастығын кеңейту, математика ғылымын дамытуға және ғылыми зерттеулерде, техника мен білім беруде математика, ақпараттық технологиялар жетістіктерін қолдануға жәрдемдесу.
TWMS-тің кезекті конгресі 20-23 қыркүйек аралығында Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында өткізіледі.
Кездесу барысында ТҮРКСОЙ Бас хатшысы С.А.Раев конгрессті жоғары деңгейде өткізуге қолдау көрсетіп, жан-жақты көмек көрсететініне сенім білдірді.