Өнер
1 мин оқу 344

Арнайы сыйлықтың жүлдегері

<p style="text-align: justify;">Astana Opera халықаралық опера академиясының солисі Гүлдана Алдадосова Мәскеудегі Станиславский мен Немирович-Данченко атындағы Музыкалық театр&shy;да өткен Хибла Герзмаваның вокалистер мен концерт&shy;мейстерлердің беделді байқауында арнайы сыйлық иегері атанды. Сонымен қатар талантты әнші арнайы жүлдеге қоса, Ресейдің бірнеше жетекші театр алаңдарында өнер көрсетуге ұсыныс алды.</p>

Арнайы сыйлықтың жүлдегері

«Астана Опера» театрының директоры Ғалым Ахмедьяров әлемдік опера жұлдызы Хибла Гер­змаваның атынан арнайы сыйлық алуы Гүлдананың өнер­дегі жолының бір жемісті қадамы екенін жеткізді.

Дарынды әншінің өзі де бай­қауға қатысқан барлық қар­сылас­тары мықты болғанын айтады.

«Шынымды айтсам, финалға шығамын деп еш ойлаған жоқ­пын. Алғашқы екі айналымда ұйым­дастырушылар дайындаған тізімдегі арияларды айту керек. Бірақ мен оларды бұрын орын­дамаған едім. Сондықтан жаңа шығар­мадай әсер етті. Алайда опереттадан ариямен және еш сүйе­мелдеусіз халық әнімен өнер көрсету – мен үшін нағыз емтихан болды», дейді жүлдегер.

Музыка сыншылары Гүлдана Алдадосованың талантын бірінші айналымнан кейін бірден бай­қап, оған «мәскеулік опера сах­на­сының көркі» деген баға берген.

Айта кетейік, Хибла Герзмава – Метрополитен Опера, Ла Скала, Ковент-Гарден, Париж ұлттық операсы, Арена ди Верона секілді әлемнің айтулы сахналарында өнер көрсетіп жүрген әйгілі опера әншісі ғана емес, сондай-ақ оның Мәскеу консерваториясының же­ке ән айту кафедрасының до­центі, «Онегин» Ұлттық опера сый­лығының президенті және «Хибла Герзмава шақырады…» атты музыкалық фестивалінің жетек­шісі. 

Бөлісу:
Арнайы сыйлықтың жүлдегері · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар