Қазселденқорғау күштері судың толып кету қаупін жойды
<p style="text-align: justify;">Алматы облысындағы Қаскелең өзенінің арнасында «Сары Арқа» шипажайының ауданында ұзындығы 300 м-ден асатын мұз құбылыстары есебінен су деңгейінің көтерілуі байқалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«24 қаңтарда сағат 09:00-де Алматы облысы ТЖД пультіне Қарасай ауданы Қаскелең өзенінің арнасының мұздануы орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Алматы облысындағы Қаскелең өзенінің арнасында «Сары Арқа» шипажайының ауданында ұзындығы 300 м-ден асатын мұз құбылыстары есебінен су деңгейінің көтерілуі байқалды», делінген Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
12:20-да қабылданған шаралармен Қаскелең өзенінің арнасын тазарту жұмыстары аяқталды, жағалау сызығынан тыс судың толып кету қаупі жоқ, су деңгейі төмендеді. Су басу қаупі жойылды.