Қоғам
1 мин оқу 184

Мемлекеттік тілді үйрететін жоба

<p style="text-align: justify;">Еліміздің 12 өңірінде тегін қазақ тілі курсы ашылды. &laquo;Amanat&raquo; партиясының &laquo;Жастар рухы&raquo; жастар қанатының белсенділері &laquo;Менің елім &ndash; менің тілім&raquo; республикалық жобасы аясында &laquo;Сөйле&raquo; тілдесу клубының жиынын өткізіп жатыр.</p>

Мемлекеттік тілді үйрететін жоба

«Жастар рухының» төрағасы Нұржан Жетпісбаев бір аптаға же­тер-жетпес уақытта 3 мыңнан астам өтінім келіп түскенін атап өтті.

«Сабақ аптасына бір рет өткі­зі­леді. Ал біз бұл клубтардың жұ­мы­сын үйлестіреміз. Қазақ тілін меңгергісі келетін адамдардың бәріне бірдей мүмкіндік беру қа­жет. Партияның саяси тұғыр­на­ма­сында жазылғандай, тіліміздің мәртебелі және қажетті қатынас құралына айналуына тікелей мүд­деліміз. Тіл үйрену – тиімді әрі қол жетімді болуы керек. Мем­ле­­кеттік тіл қазақ қоғамын бірік­ті­ре­тін күшке айналуға тиіс», деді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, тіл үйренушілерге жай ғана ынта танытқан мұғалімдер емес, жаңашыл әдістерді мең­гер­ген мамандар сабақ береді.

«Тілді тиімді әдіс бойынша үйретеміз. Біз тек сабақ өткізіп қана қоймай, театр, қазақ фильмдерінің көрсетілімі сынды мәдени орындарда ұлттық мәдениетпен таныс­тыруды көздейтін түрлі іс-шара ұйымдастырамыз. Қатысу­шы­ла­рымыз тіл үйреніп қана қой­май, қоғамдастығымыздың бір мүшесі болғанын қалаймыз. Қа­тарымызға барынша көп адам қо­сылып, қазақ тілін үйрену­ші­лер­дің саны артса екен дейміз», деді Яков Федоров есімді белгілі блогер.

Клуб отырысы «Жастар рухы­ның» Астана, Алматы қала­ла­рында және Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Пав­лодар, Солтүстік Қазақстан об­лыстарындағы филиалдарында өтеді. 

Бөлісу:
Мемлекеттік тілді үйрететін жоба · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар