Аймақтар
1 мин оқу 330

Сарыағашта жергілікті тұрғын сірке суына уланып қалған

<p style="text-align: justify;">Сарыағашта жергілікті тұрғын сірке суына уланып қалған.&nbsp;Жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«20 қаңтарда Сарыағаш АПБ-ға орталық ауруханадан жергілікті тұрғынның сірке суына уланып түскені туралы хабарлама келді. Полиция қызметкерлері бірден оқиға орнына шықты. Анықталғандай, жәбірленуші аудан мектептерінің бірінде қызмет істейді. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 105-бабы 1-бөлігі «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша тіркелді», делінген Polisia.kz таратқан хабарламада.

Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі және болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.

Жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі жан-жақты тергеу жүріп жатыр.

Бөлісу:
Сарыағашта жергілікті тұрғын сірке суына уланып қалған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар