Елімізге жауапкершілігі жоғары партиялар қажет - Президент
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының отырысында саяси жүйені орнықты дамыту ісіндегі партиялардың маңызы жайында айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Саяси жүйені орнықты дамыту ісінде партиялар маңызды рөл атқарады. Осы орайда, елімізге жауапкершілігі жоғары партиялар қажет. Олар халықтың мүддесін тиімді қорғай білуге тиіс. Сондай-ақ мемлекет тұғырын нығайту және ел бірлігін сақтау мәселесін бәрінен биік қоюы керек», деді Қ.Тоқаев.
Осы ретте ол партиялар азаматтық қоғамның басты тірегі болуға тиіс екенін айтып өтті.
«Жұртшылықтың талап-тілегіне жете мән беріп, жүйелі жұмыс жүргізуі қажет. Өз бағдарламасын заңды жолдармен іске асыруы керек. Саясаткерлердің жаңа шоғырын қалыптастырып, оларды елге таныту да маңызды», деді Мемлекет басшысы.