Бокс
1 мин оқу 440
Санжар Ташкенбай Бангкокта «алтын» еншіледі
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық жеңіл салмақтағы боксшы Санжар Ташкенбай 2023 жылғы Азия чемпионатының финалдық жекпе-жегін сәтті өткізіп, шешуші кездесуде қарсыласын ойсырата жеңді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі алтын медаль үшін жекпе-жекте Қазақстан боксшысы Өзбекстаннан келген Шодиержон Меликузиевпен кездесті. Төрешілердің ортақ шешімімен отандасымыз алтыннан алқа тақты.
Санжардан кейін Бангкок рингіне тағы бес қазақстандық финалист көтеріледі, олар: Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг), Махмуд Сабырхан (57 кг), Абзал Серік (67 кг), Сабыржан Аққалықов (71 кг) және Диас Молжігітов (75 кг).
Бөлісу: