Елена Рыбакина AusOpen-2023 финалына шықты
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Мельбурн корттарында өзінің жеңісті шеруін жалғастырып отыр. Қатарынан алтыншы жекелей жеңіс оған ауқымды турнирдің финалына шығуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Жартылай финалда Рыбакина Беларусь өкілі Виктория Азаренкомен кездесті.
Бірінші партияда теннисшілер тартысты ойын өткізді. Бір сағатқа созылған шайқаста Елена Рыбакина басымдық танытып, алғашқы сетте 7:6 (7:4) есебімен озық болды. Айта кетсек, Қазақстан өкілінің қарсыласы, яғни Виктория Азаренко - қазіргі Австралия чемпионатының ең үздік қатысушыларының бірі. Ол 2012 және 2013 жылдары чемпион атағын иеленген еді.
Екінші сеттің басында Қазақстанның бірінші ракеткасы брейк жасап, 2:1 есебімен алға шықты. Елена бұл артықшылықты матчтың соңына дейін жеткізіп, екі сетте 7:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Елена Рыбакина мансабында алғаш рет AusOpen-2023 финалына шықты.
Енді шешуші матчта Елена Польша өкілі Магда Линетт пен Беларусь теннисшісі Арина Соболенко арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен айқасатын болады.