Аймақтар
1 мин оқу 222

Көкшетау тұрғынынан ақша бопсалаған күдікті анықталды

<p style="text-align: justify;">25 қаңтарда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бұрын полицияның көзіне бірнеше рет түскен және облыс орталығындағы криминогендік жағдайға ықпал еткен Көкшетау тұрғынының заңсыз әрекеттерінің жолын кесті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жедел уәкілдердің мәлімдеуінше, 28 жастағы ақмолалық қала тұрғынынан 50 мың теңге көлемінде ақша бопсалаған. Ол физикалық күш қолданып, жәбір көрсетемін деп қорқытқан.

«Қажетті жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар өткізілгеннен кейін, арнайы бөлімшелерді тарта отырып, ҰҚҚКБ қызметкерлері фигурантты ақшалай қаражатты алған кезде қолға түсірді. Аталған дерекке қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», делінген Polisia.kz таратқан ақпаратта.

Бөлісу:
Көкшетау тұрғынынан ақша бопсалаған күдікті анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар