AusOpen: Рыбакинаның финалдағы қарсыласы анықталды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина AusOpen-2023 чемпионатында алтын медальді сарапқа салады. Финалда ол Беларуссияның тағы бір өкілі, әлемнің бесінші ракеткасы - Арина Соболенкомен күш сынасады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Елена Рыбакина Австралия біріншілігінің финалына өтер жолда, Соболенконың отандасы Виктория Азаренкомен кездесіп, сәтті өнер көрсетті. 1 сағат 41 минутқа созылған матч Қазақстан спортшысының жеңісімен аяқталды. Есеп- 7:6, 6:3.
Өз кезегінде Арина Соболенко басқа жартылай финалда Польша өкілі Магда Линетті 7:6, 6:2 есебімен жеңді. Соболенко мен Рыбакина арасындағы шешуші жекпе-жек 28 қаңтарда, Астана уақыты бойынша сағат 14:30-да өтеді.