Қоғам
1 мин оқу 350
Рудныйдағы жылу магистралінде тағы да жарылыс болды
<p style="text-align: justify;">Рудныйда жылу магистралінде тағы да жарылыс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Горняков көшесінің бойында диаметрі 530 мм болатын құбыр жарылған.
24 көпқабатты үй, 59 жеке тұрғын үй және 16 заңды тұлға ыстық су мен жылусыз қалды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі апат болған жердің анықталғанын хабарлады. Апатты жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.
21 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Рудный қаласына барды. Ол Рудный қаласындағы жылу магистраліндегі апаттың салдарымен танысып, облыс басшылығының қалпына келтіру жұмыстары туралы есебін тыңдады.
Гүлшахра САНСЫЗБАЙ
Бөлісу: