Ауа райы
1 мин оқу 301

Бірқатар өңірде қолайсыз ауа райы күтіледі

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.&nbsp;</span></p>

Абай облысының орталығында төмен қарлы боран күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстік-батысында, солтүстігінде жел соғып, екпіні 25 м/с жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қарлы боран болады Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі, ал солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.

Астана қаласында төмен қарлы боран болып, 15-20 м/с жел соғады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қарлы боран күтіледі. Облыстың солтүстігінде 15-20 м/с жел соғады.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кейде 23-28 м/с жел соғуы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстік-батысында, сондай-ақ Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман болжанады.

Павлодар облысының солтүстігінде қарлы боран болады. Облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде қарлы боран болады деген болжам бар. Батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде соғатын желдің екпіні 23 м/с дейін жетуі мүмкін.

Бөлісу:
Бірқатар өңірде қолайсыз ауа райы күтіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар