Футбол
1 мин оқу 124

Төрт құраманың жеребесі тартылды

<p style="text-align: justify;">Ұлттар лигасының финалдық кезеңіне жолдама алған төрт құраманың жере&shy;бесі тартылды.</p>

Төрт құраманың жеребесі тартылды

Нәтижесінде, аталған турнирдің бірінші жартылай финалында Испания құрамасы Италиямен кездесетін болды. Ал екінші жұпта Нидерланд пен Қатардағы былтырғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері Хорва­тия құрамалары финал жолдамасын сарап­қа салады. Ұлттар лигасының биылғы финал­дық кезеңі Нидерландтың Роттердам және Энсхеде қалаларында 14-18 маусым ара­лығында өтеді.

Жартылай финал матчтары 14 және 15 мау­сым күндеріне белгіленсе, үшінші орын мен финал 18 маусымда өтеді деп жоспарланған. Ұлттар лигасының былтырғы маусымында Франция құрамасы жеңімпаз атанған болатын.

Бөлісу:
Төрт құраманың жеребесі тартылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар