Өнер
1 мин оқу 412

Тамсандырған «Таң самалы»

<p style="text-align: justify;">Еркеғали Рахмадиев атын&shy;дағы Мемлекеттік ака&shy;де&shy;миялық филармониясы есі&shy;мін иеленген көр&shy;некті композитордың шығар&shy;ма&shy;шылығынан &laquo;Таң самалы&raquo; сазды кешін ұсынды.</p>

Тамсандырған «Таң самалы»

Тау тұлғаның талантынан туған туындылар барша өнер­сүйер қауымға мәлім. «Дай­ра­бай», «Құдаша-думан» симфо­ниялық күйлері, «Қамар-сұлу», «Алпамыс» және «Абылай хан» опе­ралары, романстары мен ән­дері талай жылдан бері тың­даған жүректі тербетіп келеді.

Концерттің атауы композитор Нұтфолла Шәкеновтің сө­зіне жазылған «Таң самалы» ли­­ро­эпикалық әнімен байла­ныс­ты. Жас кезінде сүйікті қа­ласы Алматыдан шабыт алған Еркеғали Рахмадиев туындыны жары Клараға арнаған. Ән КСРО Халық әртісі Роза Бағланованың репертуарында елдің есінде қа­лып, көптеген жанның сүйіс­пеншілігіне бөленді. Ал осы кеш­­те көрермен бұл әнді Қазақ­станның Еңбек сіңірген қай­раткері Бибігүл Жанұзақтың (сопрано) орындауында тыңдады.

Концерт барысында «Қамар сұлу», «Алпамыс» операларынан үзінділер, «Күндер зулап барады», «Туған ел туралы жыр», «Осынау әнге салғайсың», «Ақ тырналар», «Әнші бақытты», «Шат­тық вальсі» және басқа да ән­дері мен романстары шыр­қалды. Сазды кешке Қазақ­стан­ның Еңбек сіңірген қайрат­кері Аза­мат Жылтыркөзов (баритон), «Дарын» мемлекеттік жас­тар сыйлығының лауреаты Ал­­тынбек Әбілда (баритон), ха­лық­аралық байқаулардың лауреаттары Әйгерім Аманжолова (сопрано), Фируза Рахметова (сопрано), Шахризада Тыныштық (сопрано), Алтынбек Арыстанбек (тенор), Талғат Аллабиринов (тенор), Нұрсәт Алмас (баритон) қатысты. Ал фортепиано партия­сында – Мәдениет саласының үз­дігі Роза Шотқалиева өнер көр­сетті.

Бөлісу:
Тамсандырған «Таң самалы» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар