Аймақтар
2 мин оқу 460

Асылдың сынығы

<p style="text-align: justify;">Академик Қаныш Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейі &ndash; көп жылдық тарихы бар мәдени мекеме. Жыл сайын жер сұлуы Баянауылға келген қонақтар мен туристер ғалымның мұражайына ат басын тіреп, құнды жәдігерлермен таныспай кетпейді.</p>

Асылдың сынығы

Өткен жылы музейге 55 жыл толды. Жарты ғасырдан астам уақыт сақталған жәдігерлер тау-тұлғаның өмір жолы мен елдік жолындағы еңбектерінен сыр шертеді. Музейдегі мұралар жыл сайын толығып отырады. Осындай құнды жәдігерлермен толығу сәті 2014 жылы академик Әлкей Марғұланның пер­зенті Дәнел Әлкейқызының Баянауыл ауданына келу сапарында бол­ған еді. Ол көп жыл бойы кө­зінің қарашығындай сақтаған, құрбысы, Алматы кон­сер­ватория­сында оқып жүріп, 1964 жылы кенеттен қайтыс бол­ған Мәриям Қанышқызы Сәт­баеваның жеке заттарын музейге әкеліп тапсырды.

фп

Сонау бір заманнан сыр шер­­тетін жәдігерлер бүгінде мұра­жай сөресінде тұр. Атап айтсақ, Мәриям Қанышқызының жоғарғы оқу орнындағы сынақ кітапшасы, сту­денттік билеті, дәрістерді жаз­­ған дәптерлері, күн­­делігі, бет орамалы, ма­никюр заттары, санаториялық кітап­шасы, қол сағаты, әмияны, порт­фелі, былғары қолғабы, т.б. жеке заттары бар.

«Доссыз өмір – тұзсыз ас» демекші, қарап тұрсақ, сол кездегі адамдардың шынайы дос­тығы, мейірімі бір бөлек дүние, өскелең ұрпаққа өнеге деуге болады. Елу жылдан аса уа­қыт өтсе де, құр­бысының осы­нау заттарын бүгінгі күнге дейін сақтап, әкесінің музейіне жеткізген Дәнел Әл­кейқызына жерлестерінің атынан үлкен алғыс айтамыз.

Еске салсақ, Дәнел Әл­кей­қызы бүгінде академик Ә.Мар­­­ғұлан атындағы халық­ара­лық қордың вице-президенті, «Ол­жабай батыр» қоғамдық қо­рының мүшесі, Алматы қа­ла­сында тұрады. Академик Қ.Сәт­баев музейімен тығыз бай­ланыста. Өткен жылы Алма­ты қаласындағы академик Қ.И.Сәт­баев атындағы университетіне үш күндік көшпелі көрмемен барғанымызда арнайы келіп, ақ тілегін айтып еді.

Жуырда туған елі Дәнел Әл­кейқызын қошеметтеп, «Баян­ауыл ауданының құрметті азаматы» атағын берді. Асыл­дың сы­нығы іспеттес ғалым ұрпағы ке­рекуліктердің мерейін өсірді.

Сансызбай САПАРҒАЛИЕВ,

академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінің қызметкері

 

Павлодар облысы,

Баянауыл ауданы

Бөлісу:
Асылдың сынығы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар