Спорт
2 мин оқу 561

Спортты барлық бағытта дамыту қажет

<p style="text-align: justify;">Елімізде 100-ден астам спорт кешені салынып, балаларға арналған спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге 87 млрд теңге бөлінеді. Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің қатысуымен өткен Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында спорт және дене шынықтыру саласындағы өткен жылдың жұмыс қорытындысы мен осы жылға арналған жоспар талқыланды.</p>

Спортты барлық бағытта дамыту қажет

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов биыл спортшылар­ды, жаттықтырушыларға әлеу­мет­тік қолдау шараларын көрсету, мүмкіндігі шектеулі спортшы­ларға жағдай жасау және тағы да басқа жұмыстар жалғасатынын атап өтті. «Биыл жаттықтырушы-оқытушыларға топтарды бас­қар­ғаны және спортшыларды жоғары спорт ұйымдарына бергені үшін, сондай-ақ спорттық атақтары үшін үстемеақылар мен қосымша ақы­лардың жаңа түрлерін енгізуді жос­парлап отырмыз», деді А.Оралов.

А.Көлгінов спортты дамыту тек кәсіби спортшылардың көр­сет­­кіш­тері мен жетістіктері ғана емес, сонымен қатар бүкіл ұлттың сау­­лығы екенін атап өтті. Сондық­тан спорт және дене шынық­тыру са­ласын барлық бағытта дамыту қажет.

– Мемлекет басшысы спортты дамытуға, оның ішінде бұқа­­ра­лық спортқа, балалар мен жас­өспірімдер мектептері мен федерацияларын қолдауға ерекше назар аударады. Спорт нысан­дарында тапшылық бар екенін ескере отырып, 2025 жылға дейін 100-ден астам спорт кеше­нін салу қажет. Бұл 300 мыңнан астам адамды спорт сабақ­тары­мен қамтуға мүмкіндік береді. Спорт инфрақұрылымы жоқ өңір­лерде, елді мекендерде модуль­дік спорт ғимараттарын салу керек. Мәдениет және спорт министр­лігі өңірлермен бірлесіп, осы бағыттағы жұмысты жандандыруы қажет, барлық нысан белгі­ленген мерзімде тапсырылуы тиіс, – деді вице-премьер.

Премьер-министрдің орын­басары биыл балаларға арнал­ған спорт секциялары мен шы­ғар­ма­шылық үйірмелерге 87 млрд тең­геге жуық қаражат бөлінетінін атап өтті. Бұл 560 мыңнан астам бала­лар мен жасөспірімдерді тегін сабақ­тармен қамтуға мүмкіндік береді. (2022 жылы – 400 мыңнан астам).

Мәдениет және спорт министр­лігінің өкілдері де балалар арасында ұлттық спортты насихаттау басым міндеттердің бірі екенін айтты. «Қазақ күресі» мемлекеттік спорттық тапсырыс шеңберінде қаржыландырылатын спорт сек­ция­ларының тізіміне енді. Сондай-ақ олар­дың қатарына «Тоғыз­құма­лақ» және «Асық ату» ұлт­тық спорт түрлерін енгізу жос­пар­лан­ған.

Сонымен қатар министрліктің алдында кәсіпқойлардың, жат­тық­тырушылар мен мамандардың бірыңғай электрондық дерек­қорын іске қосу міндеті тұр. База спорт­шының физикалық және моральдық жағдайын, оның күш­ті және әлсіз жақтарын объек­тивті бағалауға жол ашады. Сон­дай-ақ таланттарды іздеу және дамыту жөніндегі жұмыс­ты жүйе­леуге, спортшылар мен жат­тық­тыру­шыларды бағалау кезінде субъек­тивтілікті болдырмауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ алқа отырысы бары­сында 2023 жыл – Олим­пиа­даға дейінгі жыл екендігі атап өтілді. Мәдениет және спорт минис­трлі­гінің Ұлттық Олимпиа­далық комитетпен және федера­циялармен бірлесіп, алдағы Париж-2024 жазғы Олим­­пия ойындарына сапалы да­­йындықты қамтамасыз етуі ма­ңызды. Федерация жұмы­сы­ның негізгі көрсеткіштері Олим­пия ойындары мен әлем чем­пио­нат­тарындағы нәтижелер болады.

Бөлісу: