Қырғызстанның бұрынғы вице-премьері ұсталды
<p style="text-align: justify;">Қырғызстанның бұрынғы вице-премьері Жениш Разаков алаяқтық және өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қырғызстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметіне <a href="https://mvd.gov.kg/news/1631">сілтеме</a> жасап.</p>

Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылдың қыркүйегінде ІІМ тергеу қызметіне Б.А. есімді азамат шағымданып, Разаковқа қатысты шара қабылдауды сұраған.
«2017 жылдың күзінде бұрынғы вице-премьер Жениш Разаков сенімге кіріп, өзінің лауазымдық өкілеттігін пайдалана отырып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырамын деген желеумен 1 000 000 АҚШ доллары көлеміндегі қаржыны иемденген», делінген Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.
Осылайша жиналған материалдар негізінде, былтыр қазан айының басында Разаковқа қатысты Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 209-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Ал биыл қаңтарда бұрынғы вице-премьер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі таңда сот бұрынғы шенеунікті 24 ақпанға дейін қамауда ұстау туралы санкция берген. Тергеу жалғасып жатыр.
Гүлшахра САНСЫЗБАЙ