Әлем
1 мин оқу 312

Өзбекстан президенті Қырғызстанға барды

<p style="text-align: justify;">Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қырғыз Республикасына мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды &nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мирзиеевті «Манас» халықаралық әуежайында қырғыз президенті Садыр Жапаров қарсы алды. 

Әуежайда екі елдің мемлекеттік тулары ілінген. Сондай-ақ Өзбекстан басшысының құрметіне құрметті қарауыл тізілді. 

Мемлекет басшылары мен олардың жұбайлары қырғыз өнерпаздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламаны тамашалады. 

Бүгін ел басшылары өзара мүдделі мәселелердің кең ауқымын, тар және кеңейтілген құрамда екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету перспективаларын талқылайды.

Бөлісу:
Өзбекстан президенті Қырғызстанға барды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар