Әлем
1 мин оқу 170
Бразилияда жол апатынан 12 адам қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Бразилияның солтүстік-шығысында медициналық фургон жүк көлігімен соқтығысып, 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды, <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Әскери полицияның мәліметінше, оқиға сәрсенбіге қараған түні Токантинс штатындағы Нативидади муниципалитетінің маңында болған. Екі көлік бетпе-бет соқтығысқан.
«Зардап шеккендердің арасында жеті әйел, төрт ер адам және бір сәби бар. Тағы екі жолаушы жарақат алды», деп жазылған жергілікті БАҚ-тағы ақпаратта.
Белгілі болғандай, жүк көлігінде болған ер адам мен әйел жеңіл жарақат алып, олар көп ұзамай ауруханадан шығарылған.
Бөлісу: