Аймақтар
1 мин оқу 281

Рудныйдағы жарылған жылу құбыры қалпына келтірілді

<p style="text-align: justify;">Бүгін Рудныйда Горняков көшесінің бойында жарылған жылу трассасы қалпына келтірілді. Бұл туралы қала әкімдігінің Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Кеше сағат 14:00-де диаметрі 530 мм болатын жылу трассасы жарылған еді. 24 көпқабатты үй, 59 жеке тұрғын үй және 16 заңды тұлға жылусыз қалған болатын. Сағат 16:00-де құбырдың жарылған тұсы анықталды.
 
Әкімдік мәліметінше, ақауды жою бойынша барлық қажетті жұмыстар жүргізілген. Жұмыстар бүгін таңғы сағат 6:30-да аяқталды.
Бөлісу: