Ауа райы
1 мин оқу 230
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
<p style="text-align: justify;">Қазгидромет 28-30 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде ел аумағында ауа райында айтарлықтай өзгеріс болмайды.
«Елдің батысына, оңтүстігіне және оңтүстік-шығысына жоғары қысым аумағы әсер етеді, осыған байланысты жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады. Қазақстанның қалған аумағы әлі де атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады, осыған орай қар мен жаяу бұрқасын және жел күшейеді», делінген хабарламада.
Бөлісу: