Аймақтар
1 мин оқу 174

Шымкентте 455 автокөлік айыптұраққа қойылды

<p style="text-align: justify;">Шымкентте жыл басынан бері 455 автокөлік айыптұраққа қойылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Елімізде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды дер кезінде анықтау мақсатында «Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасы іске қосылып, өз нәтижесін беріп жатыр. Осы ретте Шымкент қаласының полицейлері жаңа бағдарлама арқылы құқық бұзушылықтарды анықтап, алдын алып келеді.

Қаңтар айынан бастап «Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасы аясында Шымкентте 21 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде  жалған мемлекеттік нөмір тағып жүрген – 4, автокөлік терезесін күңгірттеп алған – 151, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған – 121 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ қозғалыстың қарсы жолағына шыққан – 23, бағдаршамның тыйым салынған түсіне (сигналына) өтіп кеткен – 133, жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 75, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 30 жүргізуші анықталды. Сондай-ақ басқару құқығынан айырылған – 7, өзге де құқық бұзушылықтар бойынша – 20 776 хаттама толтырылып, 455 автокөлік айыптұраққа қойылды.

Айта кетсек, «Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасының көмегімен 26 тәуліктің ішінде 276-дан астам жол қозғалысы ережесін бұзған 101 жүргізуші ұсталды.

Бөлісу:
Шымкентте 455 автокөлік айыптұраққа қойылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар