Елена Рыбакина Арина Соболенкомен кездеседі
<p style="text-align: justify;">Бүгін Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатының жартылай финалында беларусьтік Арина Соболенкомен кездеседі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="http://prosports.kz/" target="_blank" rel="nofollow noopener noreferrer">Prosports.kz-ке </a>сілтеме жасап.</p>
Рыбакина 1/2 финалда тағы бір беларусь спортшысы Виктория Азаренконы жарыс жолынан шығарды. Ақтық сында Арина фаворит саналғанымен, жанкүйер қауым 1/8 финалда әлемнің бірінші ракеткасы Ига Свентекті жеңген жерлесімізден жақсы нәтиже күтіп отыр.
Рыбакина – Соболенко кездесуінің тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады (матч Қазақстан уақытымен 14:30-да басталады). Кездесуді кабельдік телеарна абоненттері Eurosport телеарнасынан көре алады.