Спорт
1 мин оқу 210

Елена Рыбакина AusOpen турнирінің финалында жеңіліп қалды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан теннисші Елена Рыбакина Australian Open-2023 турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Бүгін Аустралия ашық чемпионатының шешуші матчында Е.Рыбакина беларусьтік Арина Соболенкомен ойнады. Бірінші сетте ол 6:4 есебімен жеңіске жетті. Кейінгі екі сетте қарсыласына есе жіберді - 3:6, 4:6.

Осылайша, 23 жастағы Елена Рыбакина екінші рет Үлкен Дулыға жеңімпазы атана алмады. Өткен жылы ол Уимблдон додасында топ жарған еді.

Бөлісу:
Елена Рыбакина AusOpen турнирінің финалында жеңіліп қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар