Шымбұлақтағы рестобардан өрт шықты
<p style="text-align: justify;">Алматыда Шымбұлақ тау-шаңғы курортындағы рестобар өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Руслан Иманқұловтың айтуынша, оқиға бүгін сағат 05:30-да болған. «Шымбұлақ» тау-шаңғысы кешенінде үш қабатты «Облака» рестобары өртеніп кетті. Арнайы өрт техникасына арналған кірме жолдардың болмауына байланысты өртті ішкі өртке қарсы крандар арқылы өшірген.
«Өрт 08:05-те ауыздықталды, зардап шеккендер жоқ. Алдын ала дерек бойынша өрттің ауданы - 800 шаршы метр. Өрт толығымен сағат 08:30-да сөндірілді, бұл үшін қар генераторы қолданылды», деді ол.
Алматының төтенше жағдайлар департаменті осы оқиғаға қатысты кейінірек толығырақ мәлімет береді.