Павлодарға жаңа қоғамдық көліктер жеткізілді
<p style="text-align: justify;">Павлодарда №1 автобус паркі кезекті 10 жаңа автобуспен толықты. Бұл туралы облыс әкімі Асайын Байханов <a href="https://www.instagram.com/p/Cn9qExloAli/">Іnstagram парақшасында</a> жазды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Бұл – ZHONG Tong маркалы 12 метрлік үш есікті автобустар. Жалпы сыйымдылығы 85 адамға шақталған, 24 орындық, 8 бейнекамерамен, климатты бақылаумен жабдықталған. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін ыңғайлы екендігін атап өткім келеді. Қоғамдық көліктерге валидаторлар орнату қажет. Жаңа автобустар 5 ақпанға қарай желіге шығарылады», делінген жазбада.
Қоғамдық көліктерді көп шағым түскен №111 маршрут бойынша жіберу жоспарланып отыр. Нәтижесінде қозғалыс аралығы 15 минутты құрайтын болады.
Тасымалдаушыға наурыз айының соңына дейін облысқа сыйымдылығы жоғары тағы 40 автобус қою міндеті қойылған. Оның 20-сы Павлодар және 20-сы Екібастұз қаласына арналған.