Спорт
1 мин оқу 180

Әлем кубогінде жүлде алды

<p style="text-align: justify;">Бұл күндері Индонезия астанасы &ndash; Жакартада Олимпиада бағдар&shy;ламасына енген винтовка және тапан&shy;шамен нысана көздеуден Әлем кубо&shy;гінің кезекті кезеңі өтіп жатыр.</p>

Әлем кубогінде жүлде алды

Спортты дамыту дирекциясының мәлі­меті бойынша, жарыстың алғашқы күнінде спортшылар пневматикалық винтовкамен 10 метрден оқ атуда сынға түсті. 60 рет нысана көздеп, 259,8 ұпай жина­ған Қазақстан спортшысы Константин Малиновский Әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды.

Бұл сында бас жүлдені 261,6 ұпай жи­наған жапониялық Наоя Окада олжаласа, қола медаль швециялық мерген Маркус Мад­сенге бұйырды. Ол жалпы есепте 258,5 ұпай жинады. 7 ақпанға дейін жалғасатын жа­рысқа 31 елден 300 спортшы қатысып жа­тыр.

Бөлісу:
Әлем кубогінде жүлде алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар