Теннис
1 мин оқу 190

Финалда жолы болмады

<p style="text-align: justify;">Қазақстан теннисшілері &ndash; Жібек Құламбаева мен Гөзал Айнитдинова жұптық сында Үндістанның Пуна қа&shy;ла&shy;сында өткен ITF W40 турнирінің фина&shy;лында қарсыластарына жол берді.</p>

Финалда  жолы болмады

Әлемдік рейтингте 483-орында тұрған Жібек Құламбаева мен Гөзал Айнитдинова (585 WTA) бас жүлде үшін өткен матчта жарыс қожайындары – Анкита Райна мен Прат­хана Тхомбаремен шеберлік байқасты. Бірінші сетте жерлестеріміз 6:4 есебімен жеңіс­ке жетсе, екінші сетте Үндістан теннис­шілері есе қайтарып, таразы басын теңестірді – 7:5. Ал шешуші тай-брейкте корт ие­лерінің жолы болып (10:8), жарыс жеңім­пазы атанды.

Тағы бір жерлесіміз Альбина Кәкенова да Аустралиядағы Asia-Pacific Elite 14 & Under Trophy жасөспірімдер турнирінің финалында жеңілді. Қазақстанның жас теннисшісі тартысты өткен бәсекеде жапониялық Хи­кари Ямоммотоға есе жіберді – 7:6, 4:6, 2:6.

Бөлісу:
Финалда жолы болмады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар