Аймақтар
2 мин оқу 222

Балғын қаламгерлер бағалы сыйлық алды

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облыстық &laquo;Орал өңірі&raquo; газетінің редакциясы балалар шығармашылығы байқауын сонау 2002 жылдан бері ұйымдастырып келеді екен. Тек соңғы бірер жылда пандемия кесірінен байқау жеңімпаздарын ұлықтау кейінге қалған. Сол салтанаттың сәті түсіп, жақында &laquo;Айналайын&raquo; бетінде шығармалары жарияланған тоғыз автор редакцияға шақырылды.</p>

Балғын қаламгерлер бағалы сыйлық алды

Олардың арасында:

«Қоян келіп шай қойды,

Аю баппен қой сойды.

Әзірлеген тамағын,

Торғай тартып

жеп қойды»,

деген өтірік өлең жолдап, күл­кіге қарқ қылған Айназ Жанес те бар.

Балғын қаламгерлерді редакцияда ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лау­­реаты, «Отан», «Құрмет» орден­дерінің иегері Ақұштап Бақ­ты­гереева бастаған аға-апа­лары қарсы алып, олардың шығар­машылық сапарына ақ жол тіледі. «Біз де көкөрім ке­зімізде газетке хат жолдайтынбыз. Со­сын «Қашан шығады екен?» деп тағатсыздана күтіп жүре­тінбіз. Қалам ұстау – кез келгенге берілмейтін қасиет. Су­рет салу, өлең жазу өнерге, өмір­ге құштарлықтан басталады. Мен «Орал өңірінің» балауса тілшілерінің жылдан-жылға қатары көбейіп келе жатқанына қуаныштымын. Бүгін сендерге ана, әже ретін­де ақ батамды беруге келдім. «Жолдарың ақ болсын, ғұмыр­ларың ұзақ болсын! Жыр­лай­­тын тақырыптарың туған жер болсын, туған елдің аспанын бұлт торламасын! Ақ­жайықтың атырабы сендерді ар­манның асқарына аттандырар тұғыр болсын!», деді ақын.

Сонымен Теректі ауданы Шағатай ауылында тұратын Кәусар Наурызғали – «Туған ел», Теректі ауданы Жаңаөмір ауылында тұратын Сабина Жыл­қышы – «Бақытты бала­лық шақ», осы ауылдың та­ғы бір өрені Айназ Жанес  «Ұш­қыр қиял» аталымдары бо­йынша марапатталды. Те­ректі ауданы Ақсоғым ауы­лын­да тұ­ратын Нұрқанат Сы­рым «Аза­мат» аталымының жүл­десін иеленді. Бәйтерек ауда­ны Өркен ауылынан Асыл Сә­лім­жанқызы мен Іңкәр Ғазиз «Мейірім» және «Балғын бояу» аталымдары бойынша марапатталды. Жаңақалалық Әзиз Аңсабеков «Ұлы мәртебелі Тә­уелсіздік» аталымын ен­ші­леді. Орал қаласындағы №45 мектеп оқушылары Арсен Махамбет «Табиғат жанашыры», ал Әмір Сапарәлиев «Та­ным терезесі» аталымы бойынша үздік деп танылды.

«Айналайын» балалар шы­ғармашылығы байқауының жеңімпаздарына ардагер ұстаз М.Берген және Қ.Есендияров, Ғ.Жанбозов, Е.Есенғалиев, С.Тоқмәмбетов сынды азаматтар демеуші болған.

Батыс Қазақстан облысы 

Бөлісу:
Балғын қаламгерлер бағалы сыйлық алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар