Оқиға
1 мин оқу 660

Шымкентте бала бассейнге батып кетті

<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласында 2018 жылы туған бала бассейнде суға батып кетті. Үлкендер баланы қараусыз қалдырған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

29 қаңтар күні сағат 17:25-те Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басқару бөліміне жедел медициналық жәрдем қызметінен 2018 жылы туған ұл баланың балалар бассейніне батып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға Тұран ауданындағы 8-шағын ауданда Үркімбаев көшесінің бойында, KASIET фитнес-клубында болған. Анықталғандай, балалар бассейнінде (тереңдігі 1 метр 20 сантиметр, ені 5 метр) шомылу кезінде ересектердің қарауынсыз қалған бала суға батып кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды.

«Құрметті ата-аналар! Абай болыңыздар! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар! Балаларды бассейн ішінде өздерін дұрыс ұстауға үйретіңіздер», делінген Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Шымкентте бала бассейнге батып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар