Тағайындау
1 мин оқу 361

Конституциялық Сот аппаратының басшысы тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Зере Өтебаева Конституциялық сот аппаратының меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Зере Өтебаева 1969 жылы 6 желтоқсанда дүниеге келген. Мәскеу экономика және құқық институтын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

1999-2001 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі құқықтық және ұйымдастыру жұмыстары басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы қызметін атқарған;

2001-2008 жылдар аралығында - Комитеттермен жұмыс бөлімінің консультанты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті хатшылығының консультанты, заңнама бөлімінің бас консультанты, басқарма басшысының орынбасары;

2008 жылғы қаңтардан 2016 жылғы сәуірге дейін - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;

2016 жылдың сәуірінен 2019 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары қызметінде болған;

23 қазаннан бастап ол Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы болған.

Бөлісу:
Конституциялық Сот аппаратының басшысы тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар