Қаржы
1 мин оқу 310

Доллар 460 теңгеден төмен түсті

<p style="text-align: justify;">Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.</p>

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,52 теңгеге төмендеп, 459,92 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 28-30 қаңтардағы бір долларға арналған ресми бағамы 460,43 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 458,03 теңгеден сатып алынып, 461,05 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 457,47 теңге, сату – 461,23 теңге.

Бөлісу:
Доллар 460 теңгеден төмен түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар