Қоғам
1 мин оқу 331

Музей ғалымдарының жетістігі

<p style="text-align: justify;">Ұлттық музейде &laquo;Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ғылыми зерттеу жұмыстары: басым бағыттары және нәтижелері&raquo; атты дөңгелек үстел мәжілісі өтті.</p>

Музей ғалымдарының жетістігі

Мазмұнды іс-шара барысында музей ға­лым­­дары 2022 жылы атқар­ған ғылыми-зерт­теу жұ­­мыстарының нә­ти­же­ле­рімен таныстырды. Бас­ты жаңалық – «Қа­зақстандағы археоло­гия­лық зерттеулер – 2021» атты ғылыми жина­ғы­ның жарық көруі. Мұн­дай жинақ отандық археология тарихында ал­­ғаш рет шығарылып отыр. Ежелгі тас дәуірінің та­рихынан бастап, этно­гра­фиялық уақытқа дейін­гі межені қамтыған еңбек, ғы­лымға қосылған олжа саналады.

Сондай-ақ Ақмола, Сол­түстік Қазақстан облыстары республикалық «Отан­дастар» қорымен бір­­лесіп, Өзбекстанда жүр­­гізген музыкалық-фоль­­­клорлық экспедиция ту­ралы баяндады. Былтыр материалдық емес мәдени мұраның 600-ден астам үлгісі жи­нақ­талған.

Сонымен қатар жиын аясында Ұлттық музей ға­лымдарының далалық зерттеу жұмыстарында ­ жә­­дігерлерден көрме ұй­ым­­дастырылды.

Бөлісу:
Музей ғалымдарының жетістігі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар