Спорт
1 мин оқу 200

Дания үшінші рет дара шықты

<p style="text-align: justify;">Швеция мен Польшада ұйымдас&shy;ты&shy;рылған гандболдан биылғы әлем чем&shy;пионаты өз мәресіне жетті.</p>

Дания үшінші рет дара шықты

Стокгольмде өткен финалдық бәсекеде Дания мен Франция құрамалары кездесті. Бұған дейін қатарынан екі әлем чемпионатында дара шыққан даниялық гандболшылар франциялықтарды 34:29 есебімен тізе бүктіріп, қатарынан үш әлем біріншілігінде үздік шыққан тұңғыш құрама атанды. Олар бұған дейін 2019 және 2021 жылдардағы әлем чемпионаттарында жеңіске жеткен болатын.

Сондай-ақ Дания спортшылары 2016 жыл­ғы Рио Олимпиадасында, 2008 және 2012 жыл­дардағы Еуропа чемпионаттарында топ жарды. Қола жүлдені Швецияны 39:36 есебі­мен жеңген Испания құрамасы же­ңіп алды.

Бөлісу:
Дания үшінші рет дара шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар