Ауа райы
1 мин оқу 430

Бүгін ауа райы қандай болады?

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ашық ауа райы сақталады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Синоптиктердің хабарлауынша, солтүстік циклонның әсерінен Қазақстан Республикасының солтүстігі мен орталығында аздаған қар жауады, ал республиканың оңтүстігінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ күтіледі.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен 1-6 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 25-27, күндіз 11-13 аяз.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6 аяз, күндіз 2-4 жылы.

Шымкентте – көшпелі бұлтты, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде тұман. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 1 аяз-1 жылы, күндіз 7-9 жылы.

Бөлісу: