Қоғам
1 мин оқу 200

Ақтөбеде есірткі сатумен айналысқан тұрғын ұсталды

<p style="text-align: justify;">Ақтөбеде есірткі саудасымен айналысқан тұрғын ұсталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Қаржы мониторинг агенттігіне <a href="https://t.me/afm_rk/1609">сілтеме</a> жасап.</p>

ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп Есірткі және психотроптық заттарды аса ірі көлемде сақтау және өткізу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр.

«Қаржылық барлаудың талдамалық материалдары негізінде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткінің түрлерін, оның ішінде синтетикалық есірткілерді аса ірі көлемде сатумен айналысқан Ақтөбе қаласының тұрғыны анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ол қылмыс үстінде ұсталып, оның тұрғылықты жерінде тінту жұмыстары жүргізіліп, одан «Alfa-PVP» синтетикалық есірткі заты; кокаин және каннобиноидты топтың есірткі заттары табылып, тәркіленді», деп хабарлады ведомстводан.

Аталған азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.

Бөлісу:
Ақтөбеде есірткі сатумен айналысқан тұрғын ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар