Елорда
1 мин оқу 360

Астанада жастар арасында жұмыссыздық деңгейі өте жоғары

<p style="text-align: justify;">Бұл жайлы Мемлекет басшысы елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысында айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Азаматтардың әл-ауқатын арттыруға баса мән беру қажет. Басты назарды қала тұрғындарын жұмыспен қамтуға аудару маңызды. Әлеуметтік қамсыздандыру аясындағы орташа жалақы 100 мың теңгеден асады. Жұмыс орындары бар. Бірақ атаулы әлеуметтік көмек алатын еңбекке жарамды азаматтардың 60 пайыздан астамының тұрмыс жағдайы төмен», деді Президент.

Сондай-ақ ол жастарды қолдау шаралары тиімді нәтиже бермей отырғанына да назар аударды.

«Жастармен жұмыс бұқаралық іс-шаралар өткізуден аспай жатады. Ал Астанада жастар арасында жұмыссыздық деңгейі өте жоғары, республика бойынша екінші орында. Биылдан бастап 35 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатына қосылады. Соған сәйкес олардың саны көбейеді. Үкіметке әкімдікпен бірге қаладағы жастармен жұмысты күшейтуді тапсырамын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу: