Оқиға
1 мин оқу 295

Ұлытауда жүргізушінің көлігінен қару мен киік еті табылды

<p style="text-align: justify;">24 қаңтарда Қаражал қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері 43 жастағы азамат тізгіндеген көлікті тоқтатқан, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Көлік ішінде 39 және 43 жастағы екі азамат болған.

Көліктің жүк салғышынан 5 киіктің еті мен 16 калибрлі ИЖ-18ЕМ тегіс ұңғылы мылтығы табылды.

ҚР ҚК-нің 339-бабы «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сараптама тағайындалды.

Бөлісу:
Ұлытауда жүргізушінің көлігінен қару мен киік еті табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар