Ауа райы
1 мин оқу 230

Қар,тұман: Бүгінгі ауа райы болжамы

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК мәліметінше, еліміздің солтүстігі, шығысы солтүстік циклонның ықпалында болады, соған байланысты қар жауып, тұман күтіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Республиканың оңтүстік облыстарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен қар аралас жаңбыр жауады деп күтіледі. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады», делінген синоптиктер хабарламасында.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Құбылмалы бағыттағы жел 1-6 м/с. Ауа температурасы түнде -24-26°С, күндіз -12-14°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -4-6°С, күндіз +3+5°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жауын-шашын болады (негізінен жаңбыр). Жел оңтүстік-батыстан 8-13, күндіз екпіні 17-22 м/с. Ауа температурасы түнде 0,+2°С, күндіз +10+12°С.

Бөлісу:
Қар,тұман: Бүгінгі ауа райы болжамы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар